2018 жылдың 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшу туралы» Жарлығына қол қойды

Бұл шешім Қазақстан халықтары үшін өте маңызды. Дүниежүзіндегі кез келген тілдің қалыптасып дамуының өзіндік жолы, өзіндік ерекшелігі, соған сәйкес өзіндік заңдылығы болады. Латын графикасына көшу қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл өте өзекті және тиімді жаңалық болып келеді. Дүние жүзінде бүкіл ақпараттың 70 пайызынан астамы латын әліпбиінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп. Сондай-ақ бұл өзгеріс қазақ тілінің дамуына да өз үлесін қосады. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгеру үрдісін жеңілдетеді. Ақпараттық заманында жастар арасында латын графикасы сәнге айналады. Өйткені жастар ұялы телефон, планшет, компьютер арқылы әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасайды және ғаламтормен жұмыс істеу көбіне табыстың көзі болып табылады.

Латын графикасы қазақ тілін халықаралық дәрежеге көтереді деп сенеміз.

Дата публикации: 19.02.2018